Тоғыз жыл, бір ай және он сегіз күн … «Ауған соғысы» осы уақытқа дейін жалғасты. 14427 адамның өмірін қиған, жалпы саны 620 мың адам басынан соғыс
Ақпанның бұл күні – көп мағыналы күн: біреуге қаза болған бауырластар үшін қайғы болса, кейбіреулеріне өздерінің туған жеріне қайту қуанышы, әскери ерліктерін еске алу және соғыс кезіндегі қиыншылық пен ауыртпалық кездерді бірге өткізген адамдардармен әскери бірлікті сезіну. Кеңес әскерлерін Ауғаныстаннан шығару күні алыс және жақын шет елдерде әскери жанжалдарға қатысқан және ұрыс алаңдарынан оралмаған жауынгер-интернационалистерді Еске алу күні болды.
Осы күнге орай Орталық аудандық кітапханада «Ауғаныстан – жанымның жарасы» атты әдебиеттер көрмесі жасалды.
Оқырмандарға осы ел туралы көбірек мағлұмат алуға, соғыс жайлы сол жерде соғысты өз көздерімен көрген,соғысқа қатысқан ардагерлер, офицерлер мен генералдардың айтуларынан білуге бірегей мүмкіндік беріліп, барлық оқырмандарға, әсіресе жастарға, сексенінші ұрпақтың жасаған мақтан тұтарлық халықаралық ерлігін тереңірек ұғынуға көмегін тигізеді.