
“Парасат жолы” республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында Орталық аудандық кітапхана “Адал болу оңай ма?” блиц-сауалнамасын өткізді.
Кітапханашылар Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі туралы халықтың пікірін зерттеу мақсатында Шарбақты ауылының көшелеріне шықты. Сауалнамаға қатысушылардың жауаптары көбінесе дұрыс, сауатты болды, ауыл тұрғындары сыбайлас жемқорлықтың тұрмыстық және мемлекеттік нысандары туралы жақсы хабардар. Сауалнамаға қатысушылар жоғары құқықтық мәдениетті, өз құқықтары мен міндеттерін білетіндігін көрсетті.